«Үшқоңыр» ФЭА әншілері «Жырлайды жүрек» байқауының жүлдегері атанды

Алматы облысының Мәдениет басқармасы ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» III республикалық  әншілер байқауында «Үшқоңыр» ФЭА әншісі Нариман Абдрахманов «Дәстүрлі ән» аталымында 1-орынды  иеленді.

Нариман Абдрахманов оң жақта

 

Сондай-ақ ансамбльдің эстрада әншілері Бексұлтан Әлімбек пен Ақерке Құрбан аталған жанр бойынша 3-орын иеленді.

Өнерпаздарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз.