Қуаныш Азаматұлы  Құбатов

Қуаныш Азаматұлы  Құбатов –    

1991 жылдың 15 шілдесінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған.

Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы музыкалық колледжін, Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тамамдаған. Жұмабеков Жанқас Ықыласұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор  Базархан Қосбасаров, Халықаралық конкурстардың лауреаты Қарсақбаева Әйгерім Әлімжанқызы сынды ұстаздардан тәлім алған. Талай мәрте шетел сахналарын бағындырып, еліміздің өнерін дәріптеген өнерпаз.

Республикалық және халықаралық  конкурстардың лауреаты.   Қазақтың ұлттық аспаптарын жасаумен  айналысады. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық  ансамблінде қылқобызшы.