Талап Мунирұлы Жұман

Талап Мунирұлы Жұман –   Ансамбльдің музыка өңдеушісі.

1994 жылы 29 тамызда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы  Бетқайнар ауылында дүниеге келген.

2005 – 2011 жылдары А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде, 2011- 2014 жылдары Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк өнері  колледжінде оқыған. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, зерттеуші, күйші Мұрат Әбуғазының шәкірті. 2017 жылы Тараз мемлекеттік Педагогика университетін (сырттай бөлімде) тамамдаған.

«Көреген көшбасшы» «Киелі мекен -Қарасай» «Біз жігіттер» «Ән әлемі» т.б әндер Талаптың талабы мен таланты арқасында алқа топтың жүрегіне жол тартқан.