Нұрғиса Жораұлы  Базарбай

Нұрғиса Жораұлы  Базарбай –     

Ақтөбе облысы  Әйтеке би ауданы Басқұдық селолық округіне қарасты Сарыбұлақ ауылында 1997 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген.

2013 – 2017 жылдар аралығында  Ақтөбе қаласындағы А. Жұбанов атындағы музыкалық  колледжді тамамдаған. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті, сонымен қатар   «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде дауылпазшы. Құлмұрзаев Мұхтар Оразбайұлын, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Әбдіманап Жұмабекұлын, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Медеубек Мақсат Сағатбекұлын өнердегі алғашқы ұстаздарым деп санайды.