Медет Майтанұлы Ағабылов

Медет Майтанұлы Ағабылов –  «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі бишілер тобының көркемдік жетекшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында 1982 жылдың  17-ші шілдесінде туылған.

1991-1999 жылдары Алматы қаласындағы А.В.Селезнев атындағы Хореография училищесінде балет әртісі, 2004-2009 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша білім алған. Еліміздегі  және шетел сахналарындағы 400-ден астам  мәдени шаралардың , телевизиялық жобалардың жүзеге асуына қоюшы режиссер ретінде атсалысқан.

Медет Майтанұлының  «Жеңіспен елге», «Туған жер», «Сылқылдақ» сынды би қойылымдары қоға жұрттың қолпашын арттырып, сахна сәнін келтіре түсер туындылар.