Жұлдызбек Айтқалиұлы Жұманбай

Жұлдызбек Айтқалиұлы Жұманбай – режиссер, театр және кино актері.

1982 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Кеңгірбай би ауылында туылған.

2001 жылы Семей қаласындағы М. Төлебаев атындағы музыкалық колледжін театр актері мамандығы бойынша тамамдаған.

2002 – 2006 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алды.

2012 – 2014 жылдары Ресейдің Мәскеу қаласындағы ГИТИС-тің магистратурасында  оқып, «Театр режиссері» мамандығын алып шыққан. Еңбек жолын 2002 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып бастап, сахнада 30-дан астам рөлдерді сомдаған. Көптеген кино фильмдерге түскен. Бүгінгі күндері аталмыш жасөспірімдер театры мен «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде  режиссер.

2018 – 2019 жылдары «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Бас режиссер болған. Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей театрлары сахнасында қойылымдар қойған.