Еркебұлан Ерғалиұлы  Дүйсенбаев

Еркебұлан Ерғалиұлы  Дүйсенбаев –

1996 жылы 29 қарашада Алматы облысының Қаскелең қаласында туылған.

А. Жұбанов атындағы арнайы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде оқыған. Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  4-ші курс студенті. Шертер аспабын шертудің шебері. Домбыра, прима, сыбызғы, шіңкілдек аспаптарын да шебер меңгерген. Көмекеймен ән айтуды көп уақыттан бері үйренуде. Ләззат Дүйсенбаева мен доцент Шәріпқызы Зәмзегүл Ізмұратованың шәкірті.

«Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде  шертерші.

Республикалық байқаулардың лауреаты.