Дәулет Қонысбекұлы Әлмұратов

                          Дәулет Қонысбекұлы Әлмұратов –

1995 жылы   қаңтар айының 16 жұлдызында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген.

2002 – 2006 жылдары Байқоңыр қаласындағы балалар музыка мектебінде,  2006 – 2014 жылдары Алматы қаласындағы К.Байсейтова атындағы музыка мектебінде, 2014 – 2018 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алған. Профессор Абдуллаев Оңдасын және доцент Смакова Зауре Нығметқызының шәкірті.

2013 жылы Италияда өткен Халықаралық «Кубок Мира» баянистер конкурсы мен Алматы қаласында өткен 43-ші Республикалық конкурсында алғашқы орынды иеленген жүлдегер.

2015 жылы Алматы қаласында өткен Республика Олимпиадасының  1-ші орын жеңімпазы.

«Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде баяншы.