Дастан  Рүстемұлы  Нұрахмет

Дастан  Рүстемұлы  Нұрахмет –   

1995 жылдың 22 маусымында Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында дүниеге келген.

2005 – 2010 жылдары Алматы қаласындағы дарынды балаларға  арналған арнайы мамандандырылған мектеп-интернатында, 2010 – 2015жылдары Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы «Саз»  колледжінде, 2015 – 2020 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алған. Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі  Бозымбеков Нұрлан Қуандықұлының және профессор Ерсайын Басықараның шәкірті.  Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық   ансамблінде Бас домбырашы.