Аяулы Ерланқызы Тұрысбек

                           Аяулы Ерланқызы Тұрысбек –

1999 жылы 23 қаңтарда  Алматы қаласында дүниеге келген. Алты жасынан К. Байсейітова атындағы музыка мектебінде оқып, прима қобыз, қылқобыз, жетіген , сазсырнай , фортепиано аспаптарының қыр-сырын меңгерген. Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті, сонымен қатар «Үшқоңыр» ансамблінде қызмет жасайды. Жетігенші. «Khazar этно-фьюжн» тобында және «Assyltas» триосында өнер көрсетіп жүр. «Оқу ісінің үздігі» Гүлмира Нұргелдіқызы мен профессор Молдакәрімова Ғалия Әбіләкімқызының шәкірті.  Үш мәрте республикалық конкурстарда Бас жүлдені және 1-ші орынды, А. Жұбанов атындағы Халықаралық конкурста 1-ші орынды иеленген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қабырғасында өткен бірнеше олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері. 2016 жылы Париж қаласында өткен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойында өнер көрсетіп, жетіген үнімен шетелдіктерді тәнті еткен.