Архат Ситемәліұлы  Қуанышәлиев

Архат Ситемәліұлы  Қуанышәлиев –   Ансамбльдің музыка өңдеушісі.

1990 жылы 10 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Сайқын ауылында өмірге келген.

Орал қаласындағы С.Сейфулин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында сурет салу және домбыра бөлімдерінде оқыған. 2005 – 2009 жылдары Құрманғазы атындағы «Саз» колледжінде домбыра аспабы бойынша білім алды. 2009 – 2013 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында доцент Сахарбаева Карима Сүндетқызы мен Қуаныш Жұмағалидан тәлім алған.

Республикалық өнер байқауларының лауреаты.

Архат «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық  ансамбілі репертуарына лайықтап ел аузындағы «Жанерке», «Дүние-ай», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» , «Балаларға»  «Бәйтерек» сынды әндерді және өзінің «Қарасай», «Күрескер»  атты шығармаларын нотаға түсіріп, өнерсүйер қауымға тарту еткен.