Ардақ Оразғалиұлы Беркімбай

Ардақ Оразғалиұлы Беркімбай  – журналист, сценарист.

1981 жылы 24 қыркүйекте  Семей қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Семей гуманитарлы-экономикалық колледжінде «Кәсіпорын менеджері» мамандығы бойынша тәлім алған.

2002 – 2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факултетінде оқыды.

2017 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының магистратурасын аяқтаған. Гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын Алматы қаласында (2002-2006жж.) «Мархат» ЖШС-да менеджер болып бастап, 2006-2012 жылдары «Алматы ақшамы», «Заң», «Алаш айнасы» газеттерінде штаттан тыс тілші, 2012 -2014 жылдары «Алаш» тарихи-этнологиялық журналында жауапты хатшы, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясында редактор (2014-2015 жж.), ҚР Ұлттық экономика министірлігі, Жер комитетіне қарасты «Қазақстанның жер ресурстары» журналында жауапты хатшы , Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған (2015-2017 жж.).

2019 жылдан «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Дәстүрлі өнерді дамыту» бөлімінің басшысы, жоба үйлестірушісі жұмыстарын жүргізуші қызметін атқарады. Сонымен қатар «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде сценарист.