Алмас Самалбекұлы Нұғманов

Алмас Самалбекұлы  Нұғманов –  Ансамбльдің музыка жетекшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауылында 1992 жылдың 29-шы қаңтарында өмірге келген.

2008 жылы Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы  музыкалық «Саз» колледжінде Жайханов Төлеу Жайханұлынан дәріс алған. 2012 жылы  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына,  Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, доцент, күйші Садықов  Сәлімгерей  Бақытұлының  домбыра сыныбына  қабылданып, оны үздік дипломмен бітіріп  шықты.

Халықаралық, республикалық  конкурстардың лауреаты.

Катар, Қытай, Германия, Швейцария, Кипр сахналарында өнер көрсеткен.