Динара Кемелхан

Динара Кемелхан – «Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының» директоры.

1986 жылы 4-ші желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктерек  ауылында дүниеге келген.

2003 – 2007 жылдары Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің «Өнер және Мәдениет» факультетінде «Мәдени тынығу жұмыстары және вокал» мамандығы  бойынша әнші, сазгер   Гүлнұр Өмірбаевадан дәріс алған.

2020 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.