Болатхан Кеңесханұлы Айтмұхаметов

Болатхан Кеңесханұлы Айтмұхаметов –

«Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының» көркемдік жетекшісі.

1977 жылы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы Баршатас ауылында, көпбалалы, өнерлі отбасында дүниеге келген.

2002 жылы Семей мемлекеттік университетін Ветеринария және санитария мамандығы бойынша тамамдаған. Бала кезден өте белсенді, өнерге жақын болғандықтан, 2010 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алған. 2019 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Ақмола облысы Жақсы аудандық Мәдениет үйінің директоры, 65 жылдық тарихы бар Семей қалалық Мәдениет Сарайы директорының орынбасары, Семей қалалық «Достық үйі» директорының орынбасары, 2019 – 2020 жылдар аралығында Қарасай аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, аудандық Мәдениет үйінің директоры болған.

Б. Кеңесханұлы өзінің озық іс-тәжірибесі арқасында Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының 90 жылдық және Ә. Қашаубаевтың 130 жылдық мерейтойлық төсбелгілерімен, Семей қалалық «Достық үйінің»  Қоғамдық келісімге қосқан үлесі үшін медалімен, облыс, аудан әкімшілігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.